Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталады

Жарияланған күні: 25.04.2024


Еліміздің барлық өңірлерінде Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік саласындағы нақты жергілікті міндеттерді шешуде волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға арналған шағын гранттар байқауы басталады.

Өтінімдерді Birgemiz жобаларын жүзеге асырып, шағын гранттар байқауына қатысу мәселелері бойынша кеңес беретін 8 ҮЕҰ қабылдайды.

Birgemiz гранттық бағдарламасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыру аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылуда. Мемлекеттік гранттар еріктілер болып табылатын кәмелетке толған қазақстандықтарға, сондай-ақ бастамашыл топтар мен ҮЕҰ-ға қолжетімді. Байқау аясында 8 үкіметтік емес ұйым тарапынан келесі бағыттар бойынша 300 000 теңгені құрайтын 240 шағын грант беріледі:

– BIRGEMIZ: Bilim – Волонтерлерді тарту арқылы халықтың әртүрлі топтарының, оның ішінде ауылдық жерлерде цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

– BIRGEMIZ: Saýlyq – Денсаулық сақтау саласында волонтерлерді тарту, оның ішінде стационарлық жағдайда ем ұсынатын медициналық мекемелерге (хоспистер, онкологиялық диспансерлер және т.б.) волонтерлерді тарту;

– BIRGEMIZ: Sabaqtastyq – Балалар үйлеріндегі балаларға, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жастарға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобаларда еріктілерге тәлімгерлік ету тәжірибесін енгізу;

– BIRGEMIZ: Taza Álem – Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

– BIRGEMIZ: Asyl mura – Тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

– BIRGEMIZ: Qamqor – Қарттар үйлеріндегі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы волонтерлік қызмет және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;

– BIRGEMIZ: Úmit – Жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою.

– BIRGEMIZ: Ayala – Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 25 сәуірден 20 мамырға дейін жалғасады. Қажетті құжаттардың тізімі, ұйымдастырушылардың байланыс нөмірлері, сондай-ақ басқа да ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының https://cisc.kz/ сайтында орналасқан.